21
декабрь
2022
«Жетекші мектеп-педагогикалық қоғамдастықтардың ынтымақтастық серіктесінің интеграторы»
2022жылдың 15жетоқсанында «Жетекші мектеп-педагогикалық қоғамдастықтардың ынтымақтастық серіктесінің интеграторы» тақырыбында Жетісу облысы жетекші мектептерінің Форумы өтті. Форумның мақсаты: озық педагогикалық тәжірибені ұсыну үшін ұйымдастырушылық әдістемелік жағдайлар жасау және облыстың жетекші мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда қолдау көрсету. Атаулы іс шараны Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы және Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп ұжымы ұйымдастырды. Сондай-ақ Жетісу облысының білім беру басқармасының басшысы Адамбекова Айжан Маманқызы, НЗМ ДББҰ Талдықорған қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Оспанов Багдат Садриевич, Педагогикалық шеберлік орталығының модераторлары: Р.Б.Абишева, А.А.Ошақбаева, Г.Б.Туреханова, Л.В.Черенкова, М.А.Сатаев, У.Б.Темиргалиева, А.Е.Кенжебаев, С.К.Даулетбаева, Г.Я.Казыгулова, Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп директоры: Кабдыгалиева Айман Толепбергенқызы және жетекші мектептердің үйлестірушілері, мектептердің әдістемелік мүшелері, облыстық, аудандық және қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталықтарының әдіскерлері қатысты. Форумның өтілу барысында әр аймақтан жиналған педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті. №25 орта мектептен директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ж.Аппасова, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі М.Бериккалиева, тарих пәні мұғалімдері Б. Искакова, С.Батырханова, К.Айтказина, А.Серікова, информатика пән мұғалімі Д.Исимбеков, орыс тілі пән мұғалімі Ж.Кожахметова, ағылшын пән мұғалімі Ә.Садуақас, биология пән мұғалімі А.Ганар сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарының нәтижесінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында форумға қатысқан педагогтар марапатталды.