23
декабрь
2022
2022жылдың 20жетоқсанында «Тиімді бағалау әдісін сабақта қолдану-білім сапасын арттыру жолы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
2022жылдың 20жетоқсанында «Тиімді бағалау әдісін сабақта қолдану-білім сапасын арттыру жолы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Оқу үдерісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімді жолдарын үйрету. Атаулы іс шараны Талдықорған қаласындағы Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25орта мектеп бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен өтті. Семинарға Талдықорған қаласы бойынша білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Сурапова Айнұр Мырзабекқызы, Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп директоры Кабдыгалиева Айман Толепбергенқызы, №5, №10, №25, №27-ші серіктес мектептердің бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинардың өтілу барысында әр мектептен келген педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті. №25 орта мектептен бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аппасова Еркежан Жиенбайқызы мектептегі бастауыш сынып жұмысының нәтижесімен таныстырса, 4Б сынып жетекшісі Кемелбекова Гүлмира Тоқтарбайқызы зерттеу сабағын өткізді. Ал Төлеубай Зоя мен Жумаканова Сауле «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен оқу қызметін ұйымдастырудың ерекшелігі» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында семинарға қатысқан серіктес мектептердің педагогтары жылы лебіздерін білдірді.