15
март
2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы-Жамбыл» атты жыраудың жыр шумақтарын мәнерлеп, жатқа оқу байқауы
2021 жылғы 15 наурыз күні Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала» отандық компаниясының демеушілігімен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы-Жамбыл» атты жыраудың жыр шумақтарын мәнерлеп, жатқа оқу байқауы өтті.
Мектебіміздің мақтанышы, 6 «Г» сынып оқушысы Сейтжапар Айша 3-орын Алғыс хат және 50 000 теңге сертификатына ие болды. Құттықтаймыз! Өнерің өрге жүзсін, Айша!
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрқасым Ғ.М. 👏👏👏💐💐💐