09
сентябрь
2022
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:
- Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.
- Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.
- Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту.
Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.
- ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228 - бап),
- Коммерциялық сатып алу (231 – бап),
- Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (307 - бап),
- Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану (308 - бап),
- Пара алу (311 -бап),
- Қылмыстық жалғандық жасау (314 - бап)
Егерде Сіз мектепте сыбайлас жемқорлықтың құрбаны, куәгері болсаңыз, мектеп әкімшілігіне хабарлауыңыз қажет!