25
январь
2019
Жаңа ғасыр жастары - дөңгелек үстел
22.01.2019ж. күні №25 орта мектеп Мәжіліс залында "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен еңселі елордамыздың 21 жылдығына арналған «Жаңа ғасыр жастары» атты дөңгелек үстел пікірталас түрінде өтті. Шараның мақсаты: Елбасының тарихи ерлігі саналған елордамыздың өткені мен бүгіні, жиырма бір жылдағы тартулы толағай табыстары жайында өрбісе, Елбасымыз 2018 жылдың 1 шілдесін –ұлттық домбыра күні деп жариялап, қазақтың қасиетті қара домбырасын атаулы күндердің күнтізбесіне қосып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаса, халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл- ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын басылым иелерінің кәсіби мерекесіне тоқталу болды. Дөңгелек үстелге 8-10 сынып оқушылары белсене қатысып, көздеген мақсатымызға жеттік. Белсенділік көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
[thumb]http://25-taldyk.mektebi.kz/uploads/posts/2019-01/1548424832_img_5424.jpg[/thumb