21
февраль
2020
"Рәміздер - рухымыз, ар ожданымыз" атты облыстық форум
21.02.2020ж. күні мектебіміздің мәжіліс залында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Айбын" әскери - патриоттық клубы мен №25 орта мектебі бірлескен "Рәміздер - рухымыз, ар ожданымыз" атты облыстық форум болып өтті. Тағылымды шараны ашу үшін, алғашқы сөз "Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлына берілді.
Шара барысында мектебіміздің директоры Топаев Орлан Сәбитұлы алғыс хат, төс белгімен және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ж.Искаков алғыс хатпен марапатталды. Салтанатты шара соңы мектебіміздің жас әншісі Маликов Нұрсеріктің "Жаса қазақстан" әні мен аяқталды.